Баспасөз қызметі

Tag

Biz studentterden jańartý ıdeıalaryn kútemiz. Eń úzdik 100 jańartý boıynsha arnaıy iske asyrý jospary bastalady! Qalys qalma, sen de óz úlesindi qos! UNION@YU.EDU.KZ poshtasyna 15 jeltoqsanǵa deıin óz oılaryńdy tirke. Mindetti túrde tolyq anyqtalyp jazylgan oı, student esimi jáne oqıtyn toby jazylýy tıis.
Read More
«Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы» Маңғыстау облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен «Бизнес және құқық» факультеті «Менеджмент» кафедраcының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттеріне арналған кездесу өтті. Кездесу мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау және болашақ мемлекеттік қызметкерлерді «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Маңғыстау облысы...
Read More
«Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Б.И.Нұрдәулетова облыстық «Маңғыстау» телеарнасының тікелей эфирінде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылауға арналған «Түскі сұхбат» бағдарламасына қатысты. Бағдарлама барысында қазақ танымындағы кеңістік пен уақыт, атқа міну мәдениеті, Ұлы жібек жолы, Түркі әлемінің генезисі туралы мәселелер қозғалып, алдағы зерттеу жұмыстары мен мәдени іс-шаралар туралы айтылды.  
Read More
Инжиниринг факультетінде кезекті SPE семинары өтті, онда КазНИПИмұнайгаз жетекші инженері Сагындыков Марат студенттерге  “Полимерлі суландыру тиімділігін бағалау” тақырыбында дәріс оқыды. Қызықты баяндамадан кейін дәріскер семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Read More
«Базалық» факультеттің “Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының оқытушысы Толепбергенова А.Б және Жерге орналастыру мамандығының 1 курс студенттері “Service learning” пәнінің жобасы бойынша Ақтау қаласының мүмкіндігі шектеулі балаларына арнап «Спорт-денсаулық кепілі!» атты шара өткізді. Шарада  дойбы, шахмат ойындарынан жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты: балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнату.      
Read More
«Маңғыстау экспедициясы» аясында Маңғыстау тарихына «Жыңғылды катакомбасы» деген атпен енген ежелгі қабірлеу орнына алғашқы археологиялық қазба жұмысы жүргізілді. Танымал археолог А.Астафьевтің айтуынша, бұл кешенді жерлеу орны шамамен біздің заманымыздың 3-4 ғасырына тиісті болса керек. Қазіргі таңда 8 қабір ашылып, онда 13 адам жерленгені белгілі болды. Адам сүйектерінің жанынан құмыра, пышақ, қойдың жіліктері және моншақтар табылған....
Read More
«Қазақстан Халқы Ассамблеясының» кафедрасының оқытушылары И.В. Бисингалиева және А.Б. Толепбергенованың ұйымдастыруымен  “Махаббат әлемі” атты студенттер арасында  поэзиялық кеш өтті. Іс-шараның мақсаты:  студенттерге адамгершілік-рухани тәрбие беру, өзара қарым-қатынастағы сыйластықты ұғындыру, сүйіспеншілік қасиеттері туралы түсінік беру. Бір- біріне деген сыйластық сезімін құрметтеуге шақыру. Студенттер әртүрлі тақырыпта өз өлеңдерін оқыды. Іс шараның соңында студенттерге тренинг өткізілді.    ...
Read More
Yessenov University 1-курс ұлдары арасында  волейболдан жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша  1-орынды «Базалық» факультет, 2-орын «Түрікменстан» командасы, 3-орын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығыынан құралған «Аралас»  командасы иеленді. Ұйымдастырушылар «Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушылары: Н.М.Калиева, О.А.Бондаренко, К.Н.Сейдалиев.    
Read More
Yessenov University «Юриспруденция» мамандығының 2-курс студенттері Маңғыстау облысы Әділет департаменті зияткерлік меншік бөлімінің басшысы С.А. Баксеновпен және Ақтау қаласы әділет басқармасының басшысы А.Ж. Тілекбаевпен кездесті. Мамандар зияткерлік меншікке қатысты ҚР заңнамасындағы соңғы уақыттардағы өзгерістер мен толықтырулар, авторлық құқық және өзге де сұрақтар туралы түсіндірулер берді.    
Read More
Yessenov University кәсіптік бағдар беру тобы «Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі»  студенттерімен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу мақсатында кездесу өткізді. Кездесу барысында колледж студенттеріне  университет ректорының 100 білім гранты мен жеңілдіктері, «Менің таңдауым – YU» атты Startup байқауының ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар университеттегі мамандықтар жөнінде ақпарат берілді. Колледж студенттерi байқауға қызығушылықтарын танытып, қатысуға ниеттерін білдірді....
Read More
1 24 25 26 27 28 62