“Aktau Dialogue” халықаралық конференциясы

26-27 сәуір күндері Yessenov University базасында “Aktau Dialogue” халықаралық конференциясы өтті.

Шараға қазақстандық және неміс ғалымдары қатысты. Сарапшылар жасыл сутегі өндірудегі әлемдік тәжірибе мен озық технологияларды талқылады.

Іс-шараны ұйымдастырған Қазақстан мен Германия арасындағы байланыстырушы буын, Yessenov University базасында құрылған Қазақ-неміс тұрақты инженерия институты. Институт Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Батыс Қазақстанда шетелдік ЖОО филиалын құру туралы бастамасымен, сондай-ақ Маңғыстау облысында “Hyrasia” проекта жобасының басталуына байланысты құрылды.

Бұл жоба өнеркәсіптік ауқымда сутегі немесе аммиак өндірісін қамтамасыз етеді және ол қазақстандық экономиканың экологиялық таза рельстерге көшуіне елеулі үлес қоса отырып, еуропалық немесе азиялық нарықтарға ірі көлемдерді жеткізе алатын әлеуетке ие.

Hyrasia One компаниясы Қазақстанда «жасыл» сутегі өндіретін әлемдегі ең ірі бес зауыттың бірін салуды жоспарлап отыр. Жел мен күн энергиясын пайдалана отырып, кәсіпорын жыл сайын екі миллион тоннаға дейін сутегі өндіреді. Өңірде мыңдаған жұмыс орны ашылады. Осы жұмыс орындарына пайдалану кезеңінде жергілікті жұмысшылардың кемінде 90%-ын тарту жоспарлануда. Институт аталған жобаға кадрлар даярлау мақсатында құрылды. Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін түлектер осы зауытқа жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.

Қазір Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтында 30 студент білім алып жатыр. Келесі оқу жылында «Мехатроника», «Өнеркәсіптік менеджмент» және «Технологиялық процестерді дамыту» білім беру бағдарламалары бойынша тағы да 150 студент қабылданады.

“AKTAU DIALOGUE” мақсаты – жасыл сутегі саласындағы әлемдік сарапшылар арасында білім, тәжірибе және озық технологиялар алмасуға жәрдемдесу, сондай-ақ энергетика секторын тұрақты дамытуға инновациялық тәсілдерді іздеу.
Жасыл сутегі бойынша көкейтесті мәселелер бар. Өнім қандай технологиямен өндіріледі деген сұрақтарға ғылыми тұрғыдан баға беріп, осы ортақ мәселелерге бірге жауап беру. Сондықтан осы Қазақстанның ғалымдары мен неміс ғалымдарына ортақ платформа құрылып жатыр.

Күннің екінші жартысында өткен басқосуға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі басшысының тұрақты орынбасары Клаус Цилликенс қатысты.

«Таза энергия алу жолындағы жасыл сутегі инновацияларының бағыттары» екінші сессиясының модераторы Қазақстан-Неміс университетінің президенті, профессор Волрад Роммель болды. Бұл сессияда энергетикалық инновациялар саласында жетекші деп танылған “AKTANT” жобасы жарияланды.

“AKTANT” жобасы үш негізгі мақсатқа қол жеткізуге бағытталған: Қазақстанда магистратура, ғылым және студенттер алмасуының білім беру бағдарламаларын дамыту.
Жоба TU Berlin, TU Darmstadt, Haw Hamburg және жобада маңызды рөл атқаратын Yessenov University және DKU сияқты бес негізгі серіктеспен ынтымақтастықты қамтиды.
Магистратура бойынша TU Darmstadt-пен “Logistics”, Haw Hamburg-пен “Energy and Environmental Engineering” бағдарламаларын іске қосу, сондай-ақ TU Berlin-мен докторантура бағытында ынтымақтастықты дамыту жоспарлануда. Неміс серіктестерінен 4 жылға қаржыландыру жобаның маңыздылығын растайды, ал алдағы 8 жылға ұзарту мүмкіндігі Қазақстан мен Германия арасындағы ғылыми ынтымақтастықты ұзақ мерзімге дамыту үшін перспективалар ашады.

“GAME CHANGER GREEN HYDROGEN” сессиясында Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтының (KINI) директоры, доктор Макс Ирих сөз сөйледі. Бұл бөлімде «Маңғыстау облысындағы жасыл сутегі» жобасының перспективалары, сондай-ақ Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамыту және сутегі өндіруге арналған қондырғылар талқыланды.

Іс-шара табысты білім және тәжірибе алмасумен, жаңа серіктестіктер құрумен және Қазақстанның жасыл сутегі саласындағы инженерлік саланы одан әрі дамытудың стратегияларын әзірлеумен аяқталды.