Жатақхана және әлеуметтік қызметтер

Жатақхана саны: 4
Барлық орын саны: 1750

Университет  жатақханаларында электронды – өткізу жүйесі жасайды.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тәртіпті тиімді қадағалау үшін жатақхананың барлық қабатында бейнебақылау жүргізіледі.

23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін жатақхана аумағында күзет кезекшілік етеді.

Жатақханадан орын бөлу үшін өтініштер мен құжаттар қабылдау тәртібі.

Электронды өтініш беру үшін yu.edu.kz сайтына кіріп, «Жатақхана» қапсырмасында «Тапсырыс беру» тетігін басу керек. Ашылған беттегі электронды «Өтініш» толтырылады және «Құжаттар» тармағындағы атаулар бойынша қажетті құжаттар фотоға түсіріліп, салынады.

Электронды өтінішке қоса электронды тіркелетін құжаттар тізбесі:

 

ҚР азаматтары үшін:

1) білім алушының жеке төлқұжатының көшірмесі (екі беті анық түсірілген болу тиіс);

2) Есенов Университетінде оқитыны туралы анықтама (тіркеу бөлімінен алынады);

3) тұрғылықты мекен-жайын растайтын құжат (egov.kz порталында жеке кабинетінде өзінің ЭЦҚ-мен немесе ата-анасының ЭЦҚ-мен алады);

4) төлемдер жасалған түбіртектер (тұру ақысы және депозит, төлемдер Халық және Каспий банктары арқылы жасалады);

5) Санитарлық тексерістен өткені туралы анықтама (университет медициналық кабинетінен алынады, 1 қабат).

Шетел азаматтары үшін:

1) білім алушының жеке төлқұжаты;

2) уақытша тіркеуге тұрғаны туралы анықтама (миграциялық полиция басқармасынан);

3) ЖСН куәлігінің көшірмесі;

4) Есенов Университетінде оқитыны туралы анықтама (тіркеу бөлімінен алынады);

5) төлемдер жасалған түбіртектер (тұру ақысы және депозит, төлемдер Халық және Каспий банктары арқылы жасалады);

6)Санитарлық тексерістен өткені туралы анықтама (университет медициналық кабинетінен алынады, 1 қабат).

2-3 сағаттан кейін білім алушы сол тапсырыс берілген жерде «Проверить статус» тетігін басып, өтінішінің қабылданған-қабылданбағанын тексеруі қажет. Қабылданбаған өтініштің себебі оларға көрініп тұрады.

Жатақханаға орналасу үшін әлеуметтік бөлімге (АО 302 бөлме) келіп, тұруға Келісім-шарт жасайды, жолдама алады.

№ 1 ЖАТАҚХАНА
№ 2  ЖАТАҚХАНА
№ 3 ЖАТАҚХАНА
№ 4 ЖАТАҚХАНА

№ 1 СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНА

Жатақханада акт залы, оқу залымен, компьютер залы, буфет,асхана, кір жуатын бөлмелер жабдықталған және де WI-FI қосылған.
Бөлмелердің сиымдылығы  1,2, 3 және 4-орындық, санторабы душпен біріктірілген.
Бөлмелер таза, жарық, жайлы өмір сүріп, сабақ оқу үшін жағдай жасалған.

Байланыстар:

№ 1 студенттік жатақхана меңгерушісі  – Сейдов Тулеген Кошерович

E-mail:  tulegen.seidov@yu.edu.kz

Тел. 8 (7292) 788-788

Моб: 8 (701) 5223999

 

№ 2 СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНА

Жатақханада акт залы, оқу залымен кітапхана, коворкинг, буфет, кір жуатын бөлмелер жабдықталған.  Сонымен қатар, WI-FI қосылған.
Бөлмелердің сиымдылығы  2-, 3- және 4 орындық, әр бөлменің санторабы душпен біріктірілген.
Бөлмелер таза, жарық, жайлы өмір сүріп, сабақ оқу үшін жағдай жасалған.

Байланыстар:

№ 2 студенттік жатақхана меңгерушісі  – Иркалиева Мухсина Шапхатовна

E-mail:  muxina.irkaliyeva@yu.edu.kz

Тел. 8 (7292) 788-788  (350)

Моб: 8 (701)  6772510

Вахта: 8 (7292) 788-788  (351)

№ 3 СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНА

Жатақханада акт залы, оқу залымен кітапхана, коворкинг, буфет, кір жуатын бөлмелер жабдықталған және де WI-FI қосылған.
Бөлмелердің сиымдылығы  2-, 3- және 4-орындық. Әр бөлмеде шағын ас үй жиһазы жабдықталған, санторабы душпен біріктірілген.
Бөлмелер таза, жарық, жайлы өмір сүріп, сабақ оқу үшін жағдай жасалған.

Байланыстар:

№ 3 студенттік жатақхана меңгерушісі  – Бекбосынова Қарашаш Меңдібайқызы

E-mail:  karashash.bekbossynova@yu.edu.kz

Тел. 8 (7292) 788-788  (352)

Моб: 8 (701) 4284296

Вахта: 8 (7292) 788-788  (353)

№ 4 СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНА

Жатақханада акт залы, оқу залымен кітапхана, коворкинг, буфет, кір жуатын бөлмелер жабдықталған және де WI-FI қосылған.
Бөлмелердің сиымдылығы  2-, 3- және 4-орындық. Әр бөлмеде шағын ас үй жиһазы жабдықталған, санторабы душпен біріктірілген.
Бөлмелер таза, жарық, жайлы өмір сүріп, сабақ оқу үшін жағдай жасалған.

Байланыстар:

№ 4 студенттік жатақхана меңгерушісі  – Турганбаева Қамқа  Мақсұтқызы

E-mail: kamka.turganbayeva@yu.edu.kz

Тел. 8 (7292) 788-788  ()

Моб: 8 (702) 120 34-37

Вахта: 8 (7292) 788-788  (353)

Жатақхана және әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша әлеуметтік бөлімге хабарласыңыздар:

+7 (7292) 788-788 (270)