«Жоғары білім берудің сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі және елдің жоғары оқу орындары әлемнің жетекші университеттерінің рейтингіне енуге ұмтылуы тиіс»

Н.Ә.Назарбаев

«Интернационалдандыру – бұл жаһандану жағдайындағы қажеттіліктерді қанағаттандыру стратегиясы, сонымен қатар жаһандық әлемге тарту үшін мамандар даярлау тәсілі»

Филип Альтбах, 2010 ж

Халықаралық ынтымақтастық

Шетелдік серіктестер

Халықаралық жобалар

Шетелдік мамандар

Миссиясы – Халықаралық байланыстар мен әріптестікті дамыту арқылы университетті интернационалдандыруды ілгерілету, оны әлемдік білім беру кеңістігінде позициялау.

Мақсаты – Білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінің тиімділігін арттыру, білім беру қызметі сапасының әлемдік стандарттарына сәйкес профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің ұтқырлығын кеңейту.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Халықаралық бөлім

Мекен жайы: Актау қ., 32 мкр, Yessenov University, 12 қабат, А12-08, А12-04

Халықаралық бөлім басшысы

Лаула Жұмабаева

+7 (7292) 788 788 (260)

laula.zhumabayeva@yu.edu.kz

Халықаралық бөлімінің жетекші маманы

Айгуль Досумбекова

+7 (7292) 788 788 (261)

aigul.dossumbekova@yu.edu.kz

Әлеуметтік желілер

Университеттің интернационалдандыру стратегиясын дамыту басымдықтары:

№ 1 басымдық «Университеттің сыртқы интернационализациясы»

  • Сыртқы академиялық ұтқырлықты дамыту.
  • Халықаралық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларға қатысу.
  • Қонақ лекцияларын, вебинарларды, онлайн-конференцияларды ұйымдастыру.
  • Халықаралық конференциялар мен іс-шараларға қатысу.
  • Халықаралық рейтингтерге қатысу.

№ 2 басымдық «Университеттің ішкі интернационализациясы»

  • Шетелдік студенттер мен шетелдік оқытушыларды тарту.
  • Университеттің топ-менеджері қызметіне шетелдік кадрларды шақыру.
  • Университетте үштілді білім беру бағдарламасын дамыту.
  • Халықаралық конференциялар арқылы ғылыми зерттеулерді интернационализациялау.

№ 3 басымдық «Халықаралық серіктестікті дамыту»

  • Шетелдік ғылыми орталықтармен, институттармен, ұйымдармен серіктестікті дамыту.
  • Әлемдік халықаралық бірлестіктерге, желілерге, консорциумдарға кіру.
Шетелде білім алу
Erasmus+
DAAD
Жаңалықтар

Шетелде білім алу

Шетелде оқыту білім алушыларға элиталық білім алу, басқа білім беру жүйесінде өзін сынау, қосымша білім алу және жаңа кәсіби тәжірибе алу үшін ерекше мүмкіндіктер ашады. Сондай-ақ, білім алушылардың сапалы білім беру бағдарламаларына, сұранысқа ие технологиялар мен ғылыми зерттеулерге қол жеткізуін кеңейтеді. Сайып келгенде, ол маманға өмірде лайықты орын алуға мүмкіндік беретін жоғары зияткерлік капиталы бар бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыруға жол ашатын кілттердің бірі болып табылады.

Erasmus+

Бағдарламаға өз мамандығы бойынша ғылыми зерттеулермен айналысатын ЖОО-ның екінші және одан жоғары курс студенттері қатыса алады. Тек сіздің университетің Erasmus+ бағдарламасы бойынша келісім жасаған ЖОО-на тағылымдамадан өтуге болады . Erasmus + шеңберінде Сіздің мамандығыңыз бойынша тағылымдама туралы нақты ақпаратты деканаттан, ЖОО-дағы халықаралық кеңседен немесе Erasmus+ бағдарламасының сайтынан анықта.

Сондай-ақ оқу мерзімі сіз университетте игеретін оқу бағдарламасына сәйкес болуы тиіс.

Erasmus+ бағдарламасы бойынша шетелдік ЖОО-да болу 3 айдан (бір академиялық семестр) 12 айға дейін созылады. Бағдарламаны бірнеше рет қолдануға болады: студент ретінде немесе тағылымдамадан өтуші ретінде. Бірақ шетелде бір цикл ішінде болу уақыты бір жылдан аспауы тиіс.

Қабылдаушы ЖОО-да оқу тегін. Бағдарламаға қатысушы шығындарды өтейтін Erasmus+ бағдарламасы бойынша грант ала алады.

DAAD

DAAD (Герман академиялық алмасулар қызметі) — Германияның жоғары оқу орындарын біріктіретін және студенттер мен ғалымдардың халықаралық академиялық алмасуына жәрдемдесетін әлемдегі ең ірі ұйым болып табылады. DAAD студенттер мен ғалымдардың академиялық алмасуын ұйымдастырады және қаржыландырады, Германияда оқу және зерттеу жүргізу мүмкіндіктері туралы хабарлайды, сондай-ақ неміс жоғары оқу орындарының интернационалдығы мен беделін арттыруға ықпал етеді. DAAD қазақстандық студенттерге, жас ғалымдар мен мамандарға, оқытушылар мен ғалымдарға неміс және ағылшын тілдерінде қол жетімді 10-нан астам стипендиялық бағдарлама ұсынады.

DAAD бағдарламасына қойылатын талаптар

Өтінімді қалай беруге болады?

 

Жаңалықтар

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 22.04.2020 №156 бұйрығына сәйкес, “Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру жоспарын бекіту туралы” Білім және ғылым министрінің 2020 жылдың 28 қаңтардағы №39 бұйрығы күшін жойды. Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық кеңсеге хабарласыңыз (каб. А12-04, А12-08; Тел.: + 7 (7292) 788 788, ішкі 260, 261).

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР ШЕҢБЕРІНДЕ СТУДЕНТТЕРМЕН АЛМАСУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЕЛДЕР

  1. Әзірбайжан Республикасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Әзірбайжан Республикасы Білім министрлігі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы 2017 жылғы 3 сәуірдегі келісім шеңберінде тараптар баламалы негізде 10 грантқа (бакалавриат – 5, магистратура – 5) дейін ұсынады.

 

  1. Венгрия. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Венгрияның адами ресурстар министрлігі арасындағы Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы 2013 жылғы 19 қарашадағы Келісім шеңберінде венгриялық тарап Қазақстан азаматтары үшін 250 грант (бакалавриат – 110, магистратура – 90, докторантура – 50) ұсынады, қазақстандық тарап Венгрия азаматтары үшін 45 грант (бакалавриат – 20, магистратура – 20, докторантура – 5) ұсынады.

 

  1. Қытай Халық Республикасы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы 2003 жылғы 3 маусымдағы келісім шеңберінде тараптар баламалы негізде 100-ге дейін грант береді.

 

  1. Қырғыз Республикасы. 2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде тараптар баламалы негізде 5 грантқа (бакалавриат – 3, магистратура – 2) дейін ұсынады.

 

  1. Латвия Республикасы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Латвия Республикасының Білім және ғылым министрлігі арасындағы білім, ғылым және жастар саясаты саласындағы ынтымақтастық туралы 2013 жылғы 3 маусымдағы келісім шеңберінде тараптар баламалы негізде 6 грантты (бакалавриат – 2, магистратура – 2, докторантура – 2) ұсынады.

 

  1. Моңғолия. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Монғолияның Білім, мәдениет, ғылым және спорт министрлігі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы 2008 жылғы 6 тамыздағы келісім шеңберінде Қазақстан тарапы Моңғолия азаматтары үшін 25 грант (бакалавриат – 15, магистратура – 5, докторантура – 5) ұсынады, монғол тарапы Қазақстан азаматтары үшін бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 5 грант ұсынады.

 

  1. Беларусь Республикасы. 2009 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде тараптар баламалы негізде 6 грантқа (бакалавриат – 3, магистратура – 2, докторантура/аспирантура – 1) дейін ұсынады.

 

  1. Польша Республикасы. 2014 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде тараптар баламалы негізде 11 грантқа (бакалавриат – 3, магистратура – 4, докторантура – 4) дейін ұсынады.

 

  1. Тәжікстан Республикасы. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы 2000 жылғы 13 маусымдағы келісім шеңберінде тараптар баламалы негізде 50 – ге дейін грант (бакалавриат – 40, магистратура-10) ұсынады.

 

  1. Словак Республикасы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Словак Республикасының Білім министрлігі арасындағы 2009 жылғы 3 қарашадағы Білім саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде тараптар баламалы негізде 4 грантқа (магистратура – 2, докторантура – 2) дейін ұсынады.

 

  1. Вьетнам Социалистік Республикасы. 2009 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Білім саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде тараптар баламалы негізде 3 грантқа дейін ұсынады.

 

  1. Украина. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Украинаның Білім және ғылым министрлігі арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде тараптар баламалы негізде 40 – қа дейін (бакалавриат – 30, магистратура-10) грант ұсынады.

 

  1. Франция Республикасы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Француз Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрлігі арасындағы “Абай-Верн” бағдарламасын іске асыру туралы Келісім шеңберінде Қазақстан азаматтарын Францияның жоғары оқу орындарында оқыту үшін 100 грант (магистратура – 90, докторантура – 10) беріледі.

 

  1. Корея Республикасы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Корея Республикасының Білім министрлігі арасындағы 2019 жылғы 22 сәуірдегі жоғары білім саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум аясында 20 адамға дейін студенттердің баламалы алмасуы өткізіледі.

 

  1. Ауғанстан Ислам Республикасы. 2017 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Білім және ғылым министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум аясында Қазақстан тарапы Ауғанстанның азаматтарына 30 грант (бакалавриат – 16, магистратура – 12, докторантура-2) ұсынады.

Неге академиялық ұтқырлық?

Yessenov University білім беру жүйесіне академиялық ұтқырлықты енгізу жас мамандарға өзекті білім алуға және еңбек нарығында сұранысқа ие болуға мүмкіндік береді. Профессор-оқытушылар құрамы үшін бұл ғылыми-зерттеу және педагогикалық өсудің мүмкіндігі. Ал жалпы ЖОО үшін – әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу механизмі.

Бүгінгі таңда Yessenov University-нің 42 білім алушысы академиялық ұтқырлық аясында шетелде білім алды.