Домбырашылық өнердегі Маңғыстау және басқа мектептерден таңдаулы күйлер

Yessenov Univeristy «Дәстүрлі өнер» білім беру бағдарламасының оқытушысы Ғазиза Ұзақбай Түркиядағы Сакария университетінің базасындағы Мемлекеттік консерваториясында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Домбырашылық өнердегі Маңғыстау және басқа мектептерден таңдаулы күйлер» атты концерт форматында лекция өткізді.

Концерт кезінде оқытушымыз Қартбайдың «Күй басы», Абылдың «Абыл», Құлшардың «Кербез керік», Құрманғазының «Адай», Дәулеткерейдің «Көроғлы», Махамбеттің «Өкініш», Дина Нұрпейісованың «Сегізінші март», Тәттімбеттің «Қосбасар», Сүгірдің «Жолаушының жолды қоңыры», Нұрғиса Тілендиевтің⁠ «Аққу», «Жекпе жек», Қазанғаптың «Рұқсат берші Балжан қыз» сияқты дәулескер күйшілердің күйлерін түрік қауымының алдында шебер орындады.

Осылайша домбыра үні, күй мектептері, қазақтың күйшілік ұялары, ұлтымыздың дәстүрлі мәдениеті, салт-санасы Түркия жерінде насихатталды.