Үздіксіз білім беру институты «Қоғамдық пікірді зерттеу әдістері» курсын ұйымдастырды

2024 жылдың 19 сәуір мен 4 мамыр аралығында Үздіксіз білім беру институты «Қоғамдық пікірді зерттеу әдістері» тақырыбында курс ұйымдастырды. Қоғамдық пікір технологиясы мен зерттеу әдіснамасын оқытуды «Туризм және тілдер» факультетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, мәдениеттану ғылымдарының кандидаты Мамбетова Алтынай Ибрагимқызы жүргізді. Курсқа профессор-оқытушылар құрамынан 10-нан астам тыңдаушы қатысты.

Курстың мақсаты – ғылыми-зерттеу және аналитикалық қызметте қоғамдық пікір технологияларын қолдану үшін қажетті білім, дағдылар мен құзыреттерді дамыту.

Оқыту барысында қатысушылар қоғамдық пікір деректерін жинау және талдау әдістерін игерді: сандық және сапалық тәсілдер, деректерді өңдеу және талдау үшін IBM SPSS Statistics статистикалық пакетімен жұмыс істеу негіздерін зерттеп, негізгі сипаттамалық статистиканы есептеуді үйренді: орташа, медиана, мода, стандартты ауытқу.

Курс аяқталғаннан кейін оқу бағдарламасын сәтті меңгерген тыңдаушыларға біліктілікті арттыру туралы сертификаттар берілді.