«Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлеріне «Химиялық талдау зертханашысы» тақырыбындағы курсы

2024 жылдың 22-25 сәуірі аралығында біліктілікті арттыру институтында «Химиялық талдау зертханашысы» тақырыбында курс ұйымдастырылды. Инженерлік факультетінің «Экология және геология» кафедрасының профессор ассистенті Баймукашева Шынар Хабибуллиевна Жаңаөзен қаласындағы мұнай компаниясының қызметкерлеріне біліктілігін арттыру курсын өткізді. Теориялық және тәжірибелік сабақтар АҚ «Өзенмұнайгаз», Химияландыру және экология бөлімінде, мұнай мен суды физикалық-химиялық талдау орталық зертханасында өткізілді.

Курстың мақсаты білімалушыларға кешенді қосылысты құрайтын элементтерді талдау және сандық анықтау әдістерін жоспарлау бойынша теориялар мен практикалық дағдыларды меңгеру; көлемдік және салмақтық талдау әдістерін орындау; химиялық заттармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін химиялық талдау білімін кәсіби қолдану.

         Оқыту үрдісінде студенттер жүйені талдауға белсенді қатысты, заттар қоспасының құрамдас бөліктерінің санын анықтау тәсілдерін тәжірибе жүзінде орындады, зерттелетін заттың химиялық элементтерін, иондары мен атомдар топтарын анықтау.

        Тренинг нәтижесінде қатысушы заттың құрамын анықтауда көлемдік және гравиметриялық әдістерді жүргізуді және қойылған талаптарға сәйкес сапалық және сандық талдау әдістерінің орындалу барысын мұқият жүргізуді үйренді.

       Курс аяқталғаннан кейін қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен тыңдаушылар біліктілігін арттыру туралы сертификаттар алды.