Баспасөз қызметі

Tag

Педагогика факультеті университет деңгейінде қолөнер бұйымдарының көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге факультет оқытушылары мен студенттерінің қолдарынан шыққан тоқыма бұйымдары, кестеленген, ағашқа ойылған және зергерлік бұйымдары қойылды. Сондай-ақ, факультет білім алушыларының салған суреттері де қойылып көпшілік көңілінен шықты.  
Read More
Yessenov University Инжиниринг факультетінде «Қазақстанның инновациялық дамуы – бәсекеге қабілетті жастар» атты студенттердің аймақтық ғылыми конференциясы өтті. Бұл конференция «Жастар жылы» аясында өтті, оның мақсаты мен міндеттері: заманауи өзекті мәселелерді шешуде инновациялардың тиімділігін арттыру, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, инновацияның іргелі мәселелеріне назар аудару, заманауи инжиниринг саласындағы жетістіктерді шоғырландыру және келешекке арналған іс-қимыл жоспарын әзірлеу, инновациялық...
Read More
Әскери кафедрасында 1-2 курс курсанттарымен Маңғыстау облысы Діни Істері Басқармасының теологы Пиязбек Айтмаханбек, “Бекет Ата” орталық мешітінің имамы Іздібай мырзамен сұрақ-жауап кеші өткізілді . Қонақтарымызға  курсанттар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып нақты жауаптарын алды. Жиынға қатысушылар келген қонақтарға  қызықты өткен кешке өздерінің алғыстарын айтты.      
Read More
Yessenov University-де екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында іс-сапармен келген Таллин технология университетінің (Эстония) делегация мүшелерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Yessenov University ректоры Б.Б.Ахметов білім және ғылым, мәдени кеңістікте Таллин технология университетімен (Эстония) ынтымақтастықты одан әрі көркейте түсуге және оны барынша дамытуға сенім білдірді. Екі ел арасындағы келіссөздерден кейін академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыруға сенім...
Read More
Yessenov University-де #PublicTalk жобасы аясында, «Орда» тобының белді әншісі, актёр Дастан Оразбековпен кездесу өтті. Кездесуге университет студенттері, қызметкерлері және профессорлық – оқытушылар құрамы қатысты. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды әрі көңілді жауаптар қайтарған қонағымыз кездесу барысында өнегелі әңгімелерімен де бөлісті. Шара соңында қонақ ән шырқап, қатысушыларға ұмытылмас жақсы көңіл – күй сыйлады.  
Read More
15-наурыз күні сағат 10:00 де университет кампусының алаңында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің бастауына орай «Амал келді-жыл келді» атты шара өтеді. Мерекелік шара оқытушыларды және студенттерді шақырамыз!
Read More
«Бизнес және құқық» факультетінің «Қаржы», «Экономика», «Есеп және аудит», «Менеджмент», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Құқықтану» мамандықтарына академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінен бір топ оқытушылары келді. Аталған бағдарлама аясында алдағы уақыттарда ынтымақтастық нысандарын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Read More
“Бизнес және құқық” факультетінің “Халықаралық қатынастар және туризм” кафедрасына ЖОО-ң арасында профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығының шеңберінде М. Өтемісов ат. Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Алтынай Шұғайқызы Журасова келді. Алтынай Шұғайқызы «Халықаралық қатынастар» мамандығының 1-курс студенттеріне Дипломатиялық және консулдық қызмет пәні бойынша дәріс оқумен қатар, «Қазақстан халықаралық аренада: тәжірибе...
Read More
Yessenov University сіздерді республикалық ғылыми-практикалық “Өндірістегі цифрлық технологиялар” конференциясына қатысуға шақырады. Өтетін уақыты: 28 наурыз 2019 жыл. Өтетін орны: Ақтау қ., 24 шағын аудан, Yessenov University. Жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын. Негізгі мақсаты: конструктивті пікірталас пен ақпарат алмасуға, цифрлық технологияларды пайдалануда тиімді тәжірибені алмасу, индустриядағы, ұлттық экономика секторында және қазіргі заманғы білім беруде инновацияларды...
Read More
«Қаржы» кафедрасының және «Сымбат» клубының ұйымдастыруымен «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбындағы шараға Алтын алқа иегері, Еңбек ері, Ұлы Отан соғысының тыл ардагері, Маңғыстау мұнайының ашылуына еңбегі сіңген ардагер ана Дәрі Тоғжановамен кездесу өткізілді. Қонағымыз өзінің еңбек жолы мен абыройлы аналық өмірінен сыр шертіп жастарды сабырлы болуға, шыдамдылыққа, парасатты болуға шақырды.  
Read More
1 16 17 18 19 20 62