March 6, 2019

Day

Қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 1-3-курс студенттері арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен университетішілік олимпиада өтті. Олимпиада үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар үй тапсырмасымен таныстырып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетсе, екінші кезеңде эссе жазды, сондай-ақ студенттер қазақ тілі мен әдебиеті бойынша тест сұрақтарына жауап берді. Олимпиада нәтижесі бойынша орындар былайша...
Read More
«Қаржы» кафедрасының және «Сымбат» клубының ұйымдастыруымен «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбындағы шараға Алтын алқа иегері, Еңбек ері, Ұлы Отан соғысының тыл ардагері, Маңғыстау мұнайының ашылуына еңбегі сіңген ардагер ана Дәрі Тоғжановамен кездесу өткізілді. Қонағымыз өзінің еңбек жолы мен абыройлы аналық өмірінен сыр шертіп жастарды сабырлы болуға, шыдамдылыққа, парасатты болуға шақырды.  
Read More
Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапxанасында өткен екі күндік семинар – тренингке Yessenov University студенттері барып келді. Семинар барысында студенттерге арнайы оқытушылар практикалық сабақтар өткізді. Марапат беру сәтінде университет басшылығына алғыс ретінде естелік кітап сыйға тартылды. “Болашаққа жол өзіңнен басталады” тақырыбындағы оқу курсынан 25 студент өтіп, қосымша 4 студент “Қазақстан Республикасының Тұңғыш...
Read More
“Бизнес және құқық” факультетінің «Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасының «Достық» клубының студентері Алғыс айту күніне орай “Часон” этно-мәдени бірлестігінің директорының орынбасары В.Я. Цоймен кездесті. Кездесу «Толеранттылық-Қазақстан патриотизмінің негізі ретінде» тақырыбында өтті. Кездесу барысында В.Я. Цой корей халқының тарихы мен Қазақстандағы кәріс ұлтының мәдениеті мен салт-дәстүрі, кәрістердің қазіргі тыныс-тіршілігімен таныстырып, қазақ халқына өз алғысын білдірді. Презентацияның...
Read More
“Шахмат ханшайымы” Бибисара Асаубаева енді Yessenov University студенті. Yessenov University ректоры Берік Ахметов бүгін шахмат бойынша әлемнің бес дүркін чемпионы, ФИДЕ шебері Бибісара Асаубаевамен кездесті. Кездесу барысында университет басшысы шахмат шеберіне Yessenov University колледжінде оқуға грант бөлгендігін жариялады. Кездесу соңында университет ректоры мен шахматшы арасында достастық кездесу ойыны өтті.
Read More