Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту

22-26 қаңтар аралығында Дүниежүзілік банктің және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Yessenov University-де Финляндия университеттерімен бірлесіп «Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» жобасының ауқымды кезеңі өткізілді.

Масштабтау кезеңінде онлайн және офлайн форматтарда семинарларға ҚР жоғары оқу орындарының 1800 оқытушысы, соның ішінде Yessenov University 38 оқытушысы белсенді қатысты.

Масштабтау кезеңінің мақсаты:
– педагогикалық білім берудің студентке бағдарланған және құзыреттілік тәсілдерін қолдау үшін көшбасшылық дағдыларды дамыту;
– инновациялық жобалық педагогикалық білім беру шеңберінде силлабустарды әзірлеу;
– үздік халықаралық тәжірибелерді анықтау және бейімдеу;
– өзінің кәсіби ұстанымы мен біліміне рефлексия жасау.

Жобаны HAMK/JAMK (Финляндия) университеттері мен Nazarbayev University Жоғары білім беру мектебінің сарапшыларының көмегімен арнайы даярланған 50 қазақстандық жаттықтырушы жүргізді.