Bett UK-2024

Yessenov University докторанттары мен магистранттары Лондон қаласында өтіп жатқан 120-дан астам елден келген қатысушылар мен білім беру шешімдері мен технологиялық платформалардың 600-ден астам ірі өндірушілер жиналатын әлемдегі ең ірі білім беру технологияларының ауқымды көрмесі Bett UK-2024 жаһандық конференциясына қатысты.
 
Bett Show – білім беру технологияларының көрмесі. Мұнда 35 000-нан астам оқытушылар мен мамандар жиналады. Бұл бүкіл әлемде оқыту сапасын жақсартуға көмектесетін білім беру саласындағы ең жаңа технологиялар мен инновациялық шешімдермен танысуға арналған көрме.

Конференция барысында Yessenov University докторанттары мен магистранттары жасанды интеллект базасындағы бірегей платформалармен және оны енгізу бойынша елімізде қабылданып жатқан реформалар туралы ақпаратпен танысты, сонымен қатар министр Саясат Нұрбектің «Жасанды интеллект жоғары білім беру саласын ілгерілетудің өзекті мәселелері» деген тақырыптағы баяндамасын тыңдады.