Міндетті грант өтеу

12 наурыз күні Yessenov University-де Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алып жатқан түлектердің «Қаржы орталығы» АҚ өкілі Серікқали Ақзирамен онлайн форматында кездесуі өтті.

Кездесу барысында «Міндетті грант өтеу» тақырыбы бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Ақзира Серікқали болашақ жас мамандардың оларға жұмсалған бюджет қаражатын еңбекпен өтеуі немесе жұмсау жөніндегі міндеттерін орындауын мониторинг жүргізудің маңыздылығы және жұмысты өтеу мәселелері жөніндегі заңнама, мониторингте бекітілген санаттар, жұмыс өтеу мерзімі сияқты маңызды ақпараттармен бөлісті.