«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығымен Меморандум

19 наурыз күні Yessenov University мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы «Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты» қызметкерлерінің кездесуі болды.

Кездесудің мақсаты – білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту, өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында ғылыми-практикалық жобалар, конференциялар, шығармашылық конкурстар, дайындық деңгейлері бойынша оқу, ғылыми және кәсіптік білім беру практикаларын ұйымдастыру және өткізу.

Кездесуде екі жақтық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылып, 2024-2026 жж. арналған бірлескен қызмет жол картасы бекітілді.