Бекет-ата жерасты мешіті

Yessenov University «Бизнес және құқық» факультеті «Құқықтану» кафедрасының студенттері «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Бекет-ата жерасты мешітіне барды. Мешіт Бейнеуден оңтүстік бағытта 20 км қашықтақтағы ақ-борлы тасты тау мүйісінен ойып жасалған және кіре берісте киелі бұлағы бар. Бекет Ата – рухани, тарихи және сәулет ескерткіші.
Шараның мақсаты: студенттерді тарихи кезеңдерден қалған рухани орынды аралап, ашық аспан астындағы музеймен таныстыру және студенттік ортада патриоттық сезімді нығайту.