Білім беру бағдарламаларын тәуелсіз бағалау

Құрметті ұстаздар, студенттер!

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бірігіп, еліміздің ЖОО білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау өткізген болатын.

Рейтинг 19 критерий бойынша жүргізілді, атап айтқанда негізгілері:
– түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі;
– түлектердің орташа жалақысы;
– білім беру бағдарламасын аккредиттеу;
– оқытушылар құрамының сапасы;
– білім беру бағдарламаларының өзектілігі болып табылады.

«Атамекен-2022» рейтингісінде ТОП-3-ке 1 бағдарлама кірген болса, «Атамекен-2023» рейтингісінде ТОП-3-ке 3 білім беру бағдарламасы кірді:
* Математика – 2 орын;
* Мұнай-газ ісі – 2 орын;
* Машина жасау – 2 орынға ие болды.

2022 жылмен салыстырғанда ТОП-10 білім беру бағдарламасына Yessenov University 9 бағдарламасы кірген болса, 2023 жылы ТОП-10-ға университетіміздің 14 білім беру бағдарламасы енген.

Сондай-ақ, өткен жылмен салыстырғанда YU 8 білім беру бағдарламасы өз позицияларын әлдеқайда жақсартты.

Yessenov University аянбай еңбек етіп келе жатқан профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлері мен студенттерін жұмыс берушілерді тарту арқылы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өткізген бағалау қорытындысымен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл келер жылғы рейтингте бұдан да биік көрсеткіштерге жетелейтін нәтиже!