«Түрік тілі» кабинеті салтанатты түрде ашылды

Yessenov University-нің базасында «Түрік тілі» кабинетінің ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев, Орта Азия және Кавказ департаментінің басшысы Али Өзгүн Өзтүрк, Ақтау қаласындағы Түркия Республикасының бас консулы Сабри Алптекин, ТИКА-ның Қазақстандағы өкілі Хикмет Өзденоглы арнайы қатысты.

Шараның басты мақсаты – Түркі елдері мен қауымдастықтары арасындағы экономикалық, сауда-техникалық, әлеуметтік, мәдени және білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуды негізге ала отырып, Түркия Республикасының мәдениеті мен тарихын, тілі мен әдебиетін университетіміздің білім алушыларына таныстыру болып табылады.