Гранттық қаржыландыруға арналған конкурс

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру деңгейін арттыру, сондай-ақ 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурс ашылды.

Өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі: 2023 жылғы 19 желтоқсан.
Өтінімдерді қабылдауды аяқтау мерзімі: 2024 жылғы 22 қаңтар.

Конкурстық өтінімдер жобалау тобы мүшелерінің, жобалау тобы басшысының және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрде Сараптама орталығының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ААЖ) www.is.ncste.kz сілтемесі бойынша қабылданады.

Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді дайындау мәселелері бойынша консультацияны 2023 жылғы 19 желтоқсаннан 2024 жылғы 19 қаңтарға дейін төмендегі телефондар арқылы алуға болады:
– +7 7172 76 85 76 (ішкі нөмірлері 1051, 1057), +7 7172 76 85 78, 26 63 59 (ішкі нөмірлері 1012, 1014, 1021, 1032). Жұмыс уақыты: жұмыс күндері Астана қ. уақыты бойынша сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.
– Онлайн конференция бойынша: https://us06web.zoom.us/j/88204204486?pwd=7w0YycZcHtC661cKct6S8aIYbbzfBg.1, Zoom ID: 882 0420 4486, құпия сөзі: 2024. Жұмыс уақыты: жұмыс күндері Астана қ.уақыты бойынша сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін.

Конкурстық құжаттама
https://sciencefund2023-my.sharepoint.com/:f:/g/personal/sciencefund_sciencefund2023_onmicrosoft_com/EkwcZxlQug9CitZIQ7bvGagB1U1iwnIUnDcLVhjDD00ing