Yessenov University оқытушылары елдегі үздік 150-нің қатарына енді!

Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2023» байқауының жеңімпаздарының тізімін жариялады.

43 қазақстандық ЖОО-ның 150 оқытушысы жеңімпаз атанды.

Yessenov University 2 оқытушысы «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2023» жоғары атағына ие болды:
* Гусманова Айгуль Гайнуллаевна, қауымдастырылған профессор, техника ғылымдарының кандидаты, «Инжиниринг» факультетінің деканы;
* Қойбақова Сымбат Еламанқызы, PhD, қауымдастырылған профессор, «Экология және геология» кафедрасы профессорының м.а.
 
Байқауға еліміздің 80 жоғары оқу орнынан барлығы 768 үміткер қатысты. Конкурста электрондық оқу ресурстарын, материалдарды әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдарда ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т. б. көрсеткіштер бағаланды. Сондай-ақ үміткерді оқыту сапасы, оның бакалавриат, магистратура және докторантурада кадрлар даярлау жөніндегі жұмысы бағаланды.

Біз жеңімпаздарымызды мақтан тұтамыз!Сіздерге шығармашылық табыс, қызықты идеялар мен кәсіби қызметтеріңізде жаңа жетістіктер тілейміз!