Вьетнамдық профессор біліктілікті арттыру курсын өткізді

2023 жылғы 26 желтоқсаннан бастап Үздіксіз білім беру институтында университетің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін «Outcome-Based Education» («Нәтижеге бағытталған білім беру») тақырыбында біліктілікті арттыру курстары басталды.

Нәтижеге бағытталған білім беру әдіснамасының негізгі элементтерін зерделеу бойынша 72 сағаттық курсты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына шетелдік сарапшыларды тарту бағдарламасы шеңберінде шақырылған адам, Ho Chi Minh City University of Technology and Education (HCMUTE) профессоры Huy Tuan Pham (Вьетнам Социалистік Республикасы, Хошимин қ.) оқытуда. Білім беру мақсаттары мен стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, оқушылардың тұтас дамуына және олардың жетістіктеріне ықпал ететін сенімді академиялық бағдарламаларды әзірлеу үшін қажетті білім мен дағдыларды игеруге 30 адам тілек білдірді. Оқыту барысында тыңдаушылар кері жобалау әдісін қолдана отырып, оқу бағдарламаларын әзірлейді, нәтижелерін тұжырымдайды және онлайн, аралас және цифрлық оқытуды үйренеді.

Курс соңында қатысушылар Үздіксіз білім беру институтының сертификаттарын алады.