Начались встречи по Каратэ-до в расписании соревнований XII летней Универсиады

Каратэ-до кездесулері
 
XII жазғы Универсиаданың жарыс кестесіндегі Каратэ-до кездесулері басталды.
 
Кеше командалар мандаттық комиссиядан өтті, төрешілер алқа отырысында бас қосты, қатысушылар салмақтарын өлшетті.
 
Бүгін іріктеу кездесулері өтіп жатыр.
Содан кейін жартылай финал, келесі күні финалдық кездесулер болады.
 

Салтанатты рәсімді Yessenov University вице-президенті Маханбет Ержан Тайбағарұлы құттықтау сөзімен ашып берді.
ҚР ОАМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Спорттық іс-шаралар, статистика және талдау басқармасының басшысы Мұхамадиева Мира Бекқазықызы мен Каратэ-до спорт сайысының бас төрешісі Оңайбаев Зейнолла Исламұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
 
Каратэ-до сайысына 7 университет командасы қатысып жатыр.