«ЖАЗҒЫ МЕКТЕП» БАҒДАРЛАМАСЫ

Yessenov University профессор-оқытушылары үшін Үздіксіз білім беру институты арнайы «Жазғы мектеп» біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруда.
 
7-16 маусым күндері аралығында әр саланың білікті мамандары тәжірибесімен бөлісіп, мына төрт бағыт бойынша әріптестеріне дәріс оқиды:
 
– Оқу-әдістемелік жұмыс;
– Ғылыми әлеуетті арттыру;
– Тәрбиелік процестің негізгі ерекшеліктері;
– IT құзіреттілікті дамыту.
 
«Жазғы мектеп» бағдарламасы биыл екінші жыл қатарынан жұмысын жалғастырып келеді. Алда ауқымын әлі де кеңейту жоспары бар.