XII жазғы Универсиаданың Баскетбол ойындары басталды

Баскетбол ойындары басталды!
 
XII жазғы Универсиаданың Баскетбол ойындары басталды
 
Баскетбол ойындары айналмалы жүйе бойынша, халықаралық ережелерге сәйкес өткізіледі. Командалар алдыңғы Универсиада нәтижелері бойынша кіші топтарға бөлінген.
 
Жарыс кезеңдері: іріктеу ойындары, ширек финал, жартылай финал, финалдық ойындардан тұрады.
 
Баскетболға қыздар арасында 13, ұлдар арасында 22 команда қатысып жатыр.
 
Салтанатты рәсімді Yessenov University вице-президенті Маханбет Ержан Тайбағарұлы құттықтау сөзімен ашып берді.
ҚР ОАМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Спорттық іс-шаралар, статистика және талдау басқармасының басшысы Мұхамадиева Мира Бекқазықызы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.