Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті Қазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! 

Осы отыз жылдықпен тұспа-тұс келген өлкеміздің төл универсиетінің 45 жылдығын да биыл атап өттік. Бұл мереке білім ордасы үшін өте құнды. Себебі заманауи материалдық-техникалық базасы бар университетіміз Тәуелсіздік жылдарында өркендеп, қанатын кеңге жайды.

Баршаңызға аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз шат, еңбектеріңіз жемісті болуын тілеймін. Әрқайсымыздың қажырлы еңбегіңізбен сүйікті Отанымыз – Қазақстан гүлдене көркейіп, нығая берсін!