Жас ұстаздардың республикалық жазғы лагері

Yessenov University қабырғасында тұңғыш рет”КӘСІПОДАҚ  ЖАСТАР  ҚОЗҒАЛЫСЫ – РУХАНИ ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДА” жас ұстаздардың республикалық жазғы лагерінің ашылу салтанаты болып өтті.

Шараны ұйымдастырушы – «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі.  Республикалық  шараға 80 – нен аса адам қатысады: жас ұстаздар, өлкеміздің жоғары оқу орнының кәсіподақ белсенділері, Жастар ісі жөніндегі  республикалық  Кеңестің   мүшелері.

Жазғы лагерь жұмысы барысында, «Келіссөздер-дау-жанжалдарды басқару технологиясы»;  “Мен білуге тиістімін!» немесе «Менің құқығым бар!” “Әлеуметтік жобалар: Жастардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін сапалы шешудің амалдары»; “Өзін-өзі  жетілдіруді жақсартуға  арналған  коммуникативтік   қасиеттерді  дамыту”; т.б.  тақырыптарында әртүрлі семнарлар, тренингтер, коучингтер, тимбилдингтер  ұйымдастырылып өткізіледі.