Yessenov Startup marathon-2021

Yessenov University Каспий кәсіпкерлік орталығы мен “Бизнес және құқық” факультетінің ұйымдастыруымен студенттердің жобалық оқытуға бағытталған “Yessenov Startup marathon-2021” стартап жобалар байқауының финалдық кезеңі өтті. 

Жобаларды бағалап, жеңімпаздарды анықтауға Маңғыстау облыстық Кәсіпкерлер палатасының жобаларды жүргізу бөлімінің басшысы Ахметкалиева Шынар, Ақтау қаласы кәсіпкерлер кеңесінің Сарыев Бауыржан Табылұлы және Ақтау қаласы кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі Далдабаев Кайрат Тулеуханович эксперт ретінде шақырылды. 
 
11 Жобаның қорғау нәтижесінде 3 жеңімпаз анықталды: 1 орын- “Құмыра өндірісі” , 2 орын – “Скейт парк”, 3 орын – “Tazalike” жобалары. Барлық жеңімпаздар Yessenov University, Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасынан, “Luara” студиясының сыйлықтарымен марапатталды. 
Ақтау қаласы Кәсіпкерлер кеңесінің атынан “Құмыра өндірісі” жобасына 100000 теңгеге сертификат табыс етілді.