Yessenov University ғалымдары мен оқытушылары – үздіктер қатарында

1 наурыз күні Алғыс айту күнінде Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында Қазақ тілі – ғылым тілі: дәстүр және инновация» тақырыбында симпозиум өтті.

ҚР Ғылым және жоғары білім Министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен өткен симпозиум барысында жоғары оқу орындарының үздік ғылыми қызметкерлері мен оқытушылары, «Үздік ғылыми қызметкер-2023» және «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы-2023» байқауларының жеңімпаздары арнайы марапатталды.

Құттықтау сөз тізгінін алған ҚР Ғылым және жоғары білім Министрі Саясат Нұрбек барлық жеңімпаздарды марапаттай отырып, оқытушылар мен ғалымдардың білім және отандық ғылым саласын дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті.

Салтанатты марапаттау рәсімінде Жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы сыйлықтың иегері – техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Yessenov University-нің Президенті Берік Бақытжанұлы Ахметов иеленді.

Сонымен қатар, Республика бойынша жыл сайынғы дәстүрлі 75 мемлекеттік ғылыми стипендияның 4-і биыл Yessenov University-нің ғалымдарына бұйырды.

Атап айтқанда ҚР ҒЖБМ жыл сайынғы «Ғылым мен техникаға елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік стипендияны» алуға арналған конкурста Мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлері: «Экология және геология» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Ақмарал Серікбаева және Қазақ филологиясы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Бибайша Нұрдәулетова ие болды.

75 талантты жас ғалым жыл сайынғы мемлекеттік ғылыми стипендиямен және сыйақымен марапатталды.
Маңғыстау облысынан Yessenov University қызметкерлері – з.ғ.к., PhD доктор, профессор м.а Ермек Нұрмағанбет және «Экология және геология» кафедрасының профессор м.а. Самал Сырлыбекқызы марапатталды.

«ЖОО-ның үздік оқытушысы-2023» байқауының нәтижесінде Қазақстанның 43 ЖОО-нан 150 оқытушы жеңімпаз атанғандардың қатарында Yessenov University-нің 2 оқытушысы: қауымдастырылған профессор, техника ғылымдарының кандидаты, «Инжиниринг» факультетінің деканы Айгул Гусманова мен «Экология және геология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Сымбат Қойбақова жоғары атаққа ие болып, арнайы марапатталды.

Айта кетейік, 2023 жылдың желтоқсан айының соңында жылдағы дәстүр бойынша «Үздік ғылыми қызметкер» мен «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» байқауларының жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Республикалық конкурстық комиссия нақты критерийлер бойынша үздіктерді іріктеді.

Бұл кезекті жетістіктер университіміздің қарқынды қызметінің жемісті нәтижесі деп білеміз.
Ғалымдарымызды марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!