«Қаражанбасмұнай» АҚ-мен өзара ынтымақтастық туралы Меморандум

15 сәуір күні Yessenov University мен «Қаражанбасмұнай» АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Университет түлектерін жұмысқа орналастыру Меморандумның басты мақсаты болып табылды. Қалыптасқан бос орындарға аутстаффингте өндірістік қажеттілік шеңберінде іздеуге «Қаражанбасмұнай» АҚ-да мәлімдеген осындай бос жұмыс орындарының жалпы санының 20% қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

Бұл Меморандум Маңғыстау облысының өнеркәсіп салалары бөлінісінде еңбек ресурстарына сұраныстың жай-күйін ескере отырып, өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында білікті кадрлар даярлауға, сондай-ақ жастардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, оларға қажетті еңбек дағдыларын беруге және өндіріске бейімделуге жәрдемдесу жөніндегі бағыттарды іске асыратын болады.