Сәулетші Сайын Назарбекұлының дәріс сабағы

15 сәуір күні сәулетші, ақын, драматург Сайын Назарбекұлы Yessenov University студенттеріне дәріс сабағын өткізді.

Сайын Назарбекұлы өзінің авторлық жобасы «Абай әлеміне саяхат» туралы баяндады. Сонымен қатар, қонағымыз жақында жазып аяқтаған «Тектану» атты кітабының мазмұнымен қолжазба нұсқасынан таныстырды.

Студенттер дәрісті ықыласпен тыңдап, қызықты сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды.