Ішкі қызметтік тергеу

«Ш. Есенов атындағы Каспий технологияларжәне инжиниринг университеті» коммерциялықемес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Университет) әлеуметтік желілерде жарияланған «ұйымныңәкімшілігі тарапынан сыбайлас жемқорлық, қудалау және заңсыздық туралы» қатыстыбейнеөтінішті қарастырып, келтірілген фактілербойынша білім алушылар арасында анонимдісауалнама жүргізе отырып, ішкі қызметтік тергеу басталғанын хабарлайды.
Тергеу нәтижелері қолданыстағы заңнамада көзделген мерзімдерде қосымша хабарланатын болады. 

Университет өз тарапынан оқу үдерісіндегі басты тұлға болып табылатын әрбір студенттің қауіпсіздігі үшін, сапалы білім алуы үшін барлық жағдайды жасап отыр.
Университет тұрақты негізде жылына екі рет «Таза сессия» анонимді сауалнамасын, сондай-ақ «Есенов университетінің қызметі контекстіндегі бақыт индексі мен бренд индексі» социологиялық зерттеуін жүргізеді.

Анонимді сауалнама және социологиялық зерттеу нәтижелері негізінде университет тәуекелдерді ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді.

Егер білім алушылар университетте харассмент немесе сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болса, дереу Call centre-ге немесе Университет жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметіне хабарласуды сұраймыз, онда әрбір өтініш берушіге толық анонимділікке кепілдік беріледі.
 
Тел.: 8 (7292) 788 778 (ішкі 217)
Кабинет 8-06, Джолдасбаева Гульсара Узбековна, ұялы телефон 87015119993