Қаныш Сәтбаевтың мұрасы және ұлттық ғылым жүйесі

12 сәуір күні Ғылым қызметкерлері күніне орай Yessenov University-де «Инжиниринг» факультетінің ұйымдастыруымен «Ғылым – Маңғыстау өңірінің тұрақты даму негізі» атты ғылыми айлық «Қаныш Сәтбаевтың мұрасы және ұлттық ғылым жүйесі» тақырыбындағы дөңгелек үстелімен ашылды.

Салтанатты шарада ғылыммен, Сәтбаевтың туындыларымен жақсы таныс ғалымдар бас қосып, өзара пікір алмасты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар «Ғылым – қоғамның тікелей өндірістік күші, ғылыми әзірлемелер экономиканың негізгі қозғаушы күші» екендігін алға тарта отырып, Қаныш Сәтбаевтың сара жолын жалғастыру, білімі мен ғылымы қатар дамыған ұрпақ қалыптастыру қажеттігін жеткізді.