Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Құрметті оқытушылар, ғалымдар!

Yessenov University сіздерді Ғылым қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтайды!

Ғылыми жаңалықтар, зияткерлік қызмет әрқашан да табысты дамудың негізі әрі мемлекет өркендеуінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және болып қала бермек.
Елімізде ғылыми ұйымдардың тиімді жұмыс істеуі, іргелі зерттеулер жүргізу үшін жағдай жасалған, ғалымдардың бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетіледі.
Біздің ғылыми саладағы барлық жұмыстарымыз Маңғыстау өңірінің мәселелерін шешуге бағытталған.

Осы орайда ғылым қызметкерлері күні мерекесі аясында университетімізде «Ғылым – Маңғыстау өңірінің тұрақты даму негізі» атты ұйымдастырылып жатқан ғылыми айлыққа қатысуға шақырамыз!

Ғылыми айлық бағдарламасы бойынша интеллектуалдық сайыстар, студенттік ғылыми жоба конкурстары, дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарлар, конференциялар, «YU Үздік ғылыми қызметкері», «YU Үздік жас ғалымы» конкурстары, Aktau Dialogue “Green Hydrogen” атты ауқымды іс-шара өтетін болады.

Осы мереке күні сіздерге жаңа ғылыми жаңалықтар мен жетістіктер, табыс, зор денсаулық және отбасылық амандық тілейміз!