Оңайша Мақсымқызы Мандокимен кездесу

21 ақпан күні Yessenov University «Туризм және тілдер» факультетінің ұйымдастыруымен, түркітанушы ғалым Қоңыр Иштван Мандокидің туғанына 80 жыл толуына орай, зайыбы Оңайша Мақсымқызы Мандоки университеттің профессор-оқытушылар құрамымен және студент жастарымен кездесті.

Оңайша Мақсымқызы – ғалым, Қазақстан Республикасының Мажарстандағы елшілігі жанындағы Абай орталығының меңгерушісі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау универистетінің құрметті профессоры.

Сұхбат форматында өткен шара барысында Оңайша ханым барша түркі халықтарына танымал профессор, Қоңыр Иштван Мандокидің өмірі мен ғылыми еңбектері жайлы толығырақ баяндап берді.

Оңайша Мақсымқызы қазақ тілін үйренуге ұмтылған басқа ұлт өкілдерінің көптігі туралы айтып, Yessenov University оқытушылары мен студенттерінің сұрақтарына тұщымды жауап берді.