Теңіз академиясының студенттеріне арналған курс

2024-жылдың 19-ақпанынан бастап Үздіксіз білім беру институты «Талман. 3-разряд». Курсты теңіз академиясының аға оқытушысы Қайрат Баранұлы Жұмаділов жүргізеді.

Курстың мақсаты – су көлігінің, теңіз көлігі және көлік-технологиялық жүйелерін басқару міндеттерін тиімді шеше алатын және халықаралық стандарттарға сәйкес кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын мамандарды даярлау.

Курс барысында әскери-теңіз ведомствосының 20-дан астам студенті жүктердің қасиеттері, жіктелімдері және таңбалануы, жүктерді сақтау, жүкті есепке алу тәртібі және тәсілдері, тарифтік-статистикалық номенклатура, ыдыс және қаптама түрлері, кеме түрлері, кеме жүк үй-жайларының құрылғылары және тағы басқалармен танысады. Сонымен қатар, курс тыңдаушылары ауыр жүк контейнерлерін өңдеу дағдыларына ие болып, жүктерді тасымалдауға құжаттарды рәсімдеуді үйренеді.

Курс аяқталғаннан кейін оқу бағдарламасын сәтті меңгерген және қорытынды аттестаттаудан өткен тыңдаушыларға біліктілігін арттыру туралы сертификаттар беріледі.