Мұстафа Кайыхан қызметке келді

Қаңтар айында Yessenov University-де Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігімен (ТИКА) бірлесе «Туризм және тілдер» факультеті жанындағы «Түрік тілі» орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Осыған орай Түркиядағы Юнус Эмре мәдени институтының маманы Мұстафа Кайыхан Есенов университетіне 1 жылға қызметке келіп, 13 ақпан күні «Халықаралық қатынастар», «Шет тілі: екі шет тілі» және «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» БББ білім алушыларына Түрік тілін оқытуға кірісті.

Yessenov University түрік тілі курстарын оқыту жүйесі Ортақ еуропалық тіл нұсқауларына сәйкес құрылған.

Аталмыш түрік тілі сабақтары барысында 4 негізгі тіл дағдыларына (тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу) бірдей мән беріледі.
Тілдерді оқыту Еуропалық тіл портфолиосының критерийлеріне сәйкес анықталған А1, А2, В1, В2, С1, С2 деңгейлерінде жүзеге асырылады.