Суицид – қоғам дерті

9 ақпан күні Yessenov University-де Маңғыстау облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен «Суицид – рухани дерт» тақырыбында көпшілік тыңдау отырысы өтті.

Жиынға облыстық мәслихаттың депутаттары, жергілікті басқарма басшылары, университеттің оқытушы құрамы мен студент жастар, ардагерлер кеңесі және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Тыңдауда алдымен «Суицид – рухани дерт» атты қысқа метражды фильмі көрсетіліп, кейін рет-ретімен облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев, Yessenov University Президенті Берік Ахметов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының облыстық психикалық орталығының директоры Мәди Тоқанов, облыстың Бас имамы Әнуар Елжанов баяндамаларын оқыды.

Көпшілік тыңдауда қоғамның түйткілді мәселелерінің бірі – суицид тақырыбында бірқатар мәселелер айтылып, алдағы уақытта аталмыш мәселелер төңірегіндегі атқарылар істер талқыланып, қорытынды жиынның үндеуі жарияланды.