Әскери кафедрада Ауғанстандағы соғыстың аяқталуының 35 жылдығына арналған тақырыптық кеш өтті

Yessenov University әскери кафедрасында Ауғанстандағы соғыстың аяқталуының 35 жылдығына арналған «Ауғанстан – ұмытылуға құқығы жоқ» атты тақырыптық кеш өтті. Кештің мақсаты – қазақстандық патриотизм сезімін, Отанға деген сүйіспеншілікті дамыту, ел тарихындағы айтулы оқиғалар туралы жастардың ой-өрісін кеңейту. 2 курс студенттері патриоттық өлеңдер дайындап оқыды, сонымен қатар әндер орындады.

1989 жылдың 15 ақпаны – Кеңес әскерлерінің соңғы колоннасының Ауғанстан аумағынан шыққан күні, кеңес жауынгерлерінің жауынгерлік шығыны тоқтаған күн, он жылға созылған Ауған соғысы аяқталған күн.