KINI қызметкерлерімен және студенттерімен кездесу

18 ақпан күні Yessenov University Президенті Берік Ахметов және Қазақстан-Неміс Университетінің (DKU) Президенті Волрад Роммель қатысуымен Қазақ-Неміс тұрақты инженерия институтының (KINI) қызметкерлерімен және Yessenov University топ-менеджментімен кездесу өтті.

Кездесуде KINI операциялық қызметі мен академиялық, ғылыми-зерттеу даму бағыттарының стратегиялық жоспарлары, сондай-ақ Yessenov University мен DKU арасындағы бірлескен ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Талқылаудың маңызды тақырыптарының бірі 2024 жылдың сәуіріне жоспарланған Aktau Dialogue “GREEN HYDROGEN” жаңа жобасы болды.
Aktau Dialogue “GREEN HYDROGEN” Қазақстанда жасыл сутегі экономикасының табысты дамуын қолдау мақсатында білім алмасуға және саясат, бизнес және ғылым арасында байланыс орнатуға ықпал етеді.

Қатысушылар қазақстандық және отандық ғалымдардың, білім, ғылым және өндіріс саласындағы сарапшылардың әріптестік қарым-қатынасын дамытуға жәрдемдесуге арналған бұл жоба аясында одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

Кездесу барысында білім беру және ғылыми бағдарламаларды дамыту келешктері, сондай-ақ бірлескен зерттеулер мен жобалардың мүмкіндіктеріне қатысты маңызды мәселелер талқыланды.

Түстен кейін Берік Ахметов және Волрад Роммель KINI студенттерімен кездесті, оның барысында қазіргі мәселелер мен институттің дамуының болашақ перспективалары талқыланды.

Yessenov University Президенті кампусты дамыту жоспарларына тоқталып, KINI студенттерінің оқу және демалыс жағдайлары туралы студенттердің барлық өзекті сұрақтарына жауап берді.

DKU Президенті KINI-дің білікті студенттеріне Германияда Summer School қысқа мерзімді тағылымдамадан өту арқылы тілдерін жетілдіру мүмкіндігін ұсынды.

Екі кездесу де Yessenov University мен Қазақстан-Неміс Университетінің арасындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашып, ғылыми және білім беру жобаларын дамытуға деген ортақ ұмтылысты растады.