Халықаралық мастер-класс өтті

Теңіз академиясы “Жастар ортасында діни экстремизм мен радикализмге қарсы әрекет” атты халықаралық мастер-класс өткізді.
Мастер-класста Каспий өңіріндегі Қауіпсіздіктің кешенді мәселелері: жастар арасында экстремистік көңіл-күйдің таралуының алдын алу, Каспийдегі теңіз көлік қауіпсіздігі, өңір елдері қауіпсіздігінің экономикалық және ақпараттық аспектілері баяндалды. Ұйымдастырушылар, спикерлер, тренерлер және іс – шараға қатысушылар қатарында белгілі қазақстандық және ресейлік сарапшылар, екі елдің жетекші аналитикалық және зерттеу құрылымдарының өкілдері қатысты.