Public talk: Арын Орсариев

Yessenov University бас корпусының Атриум залында #PublicTalk жобасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы, саяси ғылымдар докторы Арын Орсариевпен кездесу өтті. Кездесу барысында қонақ өзінің өмірлік тәжірибесі, студенттен БҒМ-нің Жауапты хатшысына дейінгі ұзақ жолының қалай өткендігі және мансаптық өсудің 5 қағидалары туралы баяндады. Кездесу соңында қонақ студенттерге нақыл сөздерін айтып, оқуда сәттілік тіледі.