Студенческая жизнь

Category

21 наурыз күні Yessenov University студенттері теңіз жағалауында жыл сайынғы дәстүрлі өтетін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында қала тұрғындарына мерекелік концерт ұйымдастырды. Университеттің шығармашылық үйірмелеріне қатысушы студенттер арнайы концерттік бағдарлама дайындап, ән шырқап, би биледі және қала халқына тамаша көңіл-күй сыйлады.
Read More
20 наурыз күні Наурыз мерекесіне орай «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен талантты арулардың «Қыз сыны» байқауы өтті. Байқауға «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын студенттер қатысты. Шара мақсаты – студенттердің ұйымдастырушылдық, шығармашылық, жаңашылдық қабілеттерін дамыту. Студенттердің дайындықтары жоғары деңгейде болды. Олар әдемі ұлттық киімдермен өздерінің шығармашылық қабілеттері мен білімін танытты. Қазылар алқасының шешімімен 1-орын...
Read More
Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасы директоры Зәуре Айтуарованың ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі мен Ақтау қаласының 55 жылдық мерейтойына арналған «Мен қалайша өзіңмен мақтанбаймын?!» атты облыстық сайыс өтті. Сайыс Наурызға арналған мерекелік құттықтау, Ақтау қаласына арналған презентация, мәнерлеп оқу, мерекелік номер, викториналық сұрақтардан құралған 5 бөлімнен тұрды. Сайысқа университетімізден «Мұнай және газ» факультетінің «Экология...
Read More
17 наурыз күні «Хан Шахар» салтанат сарайында Miss Yessenov University 2018 байқауының көптен күткен финалдық кезеңі өтті. Қиын және қатал іріктеу нәтижесінде финалға университеттің факультеттерінен ең мықты 10 үміткер іріктелді. Байқау комиссиясының мәліметі бойынша байқаудың басында Miss Yessenov University 2018  атағына 93 үміткерлерден өтініш тапсырылды. Байқауда қыздарға өздерінің интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берілді....
Read More
15 наурыз күні Miss Yessenov University 2018 жоба шеңберінде Public talk «Мен шақыруды қабылдаймын» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында қонақтар мотивациялық сөз сөйледі. Іс-шараға Miss Yessenov University 2018 қатысушылары, университет студенттері және спикерлер, олардың ішінде «Каспий» кәсіби баскетбол клубының менеджері Самсон Аракелян, «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы, «Территория дизайна «deSali» студиясының директоры Сәуле Салихова, жүзудегі...
Read More
«Мұнай және Газ» факультетінің «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасы «Экология» мамандығы бойынша 2-3 курс студенттері арасында пәндік олимпиада өткізді. Пәндік олимпиада үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде теориялық білім мен зертханалық зерттеулердің практикалық дағдылары бағаланды, екінші кезеңде қатысушылар өз мамандықтары бойынша теориялық білімдерін көрсетті. Олимпиаданың үшінші кезеңінде командалар ҚР мен Маңғыстау облысының нақты даму мәселелерін шешуге...
Read More
Бүгін университет ұжымының ер азаматтарының ұйымдастыруымен  Халықаралық әйелдер күніне арналған  «Асыл аналар, сұлу арулар!» атты  мерекелік концерт өтті. Мерекелік шарада профессорлық-оқытушылық құрамынан бастап бөлімдер қызметкерлері мен өнерлі білім алушылары «Универ» студенттік вокалды-аспапты ансамблінің сүйемелдеуімен өнерлерін паш етіп, әйелдер қауымын құттықтады.
Read More
«Ақпараттық жүйелер және энергетика» кафедрасының кураторлары мен студенттерінің қатысуымен «Жұмақ ананың аяғының астында» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шара барасында студенттер гитарамен өлең айтып, қызықты ойындар ойнатып және Халықаралық әйелдер мерекесінің шығу тарихына байланысты баяндамалар оқыды. «Жұмақ ананың аяғының астында» тақырыбына арналған қабырға газеттері ілінді.
Read More
6 наурыз күні «Педагогика» факультеті  «Физика және математика» кафедрасының ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана өмірдің гүлі» атты мерекелік  іс-шарасы өткізілді. Іс-шара  барысында оқытушылар мен студенттердің қатысуымен түрлі сахналық көріністер көрсетілді, әндер орындалды және ойындар ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – анаға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, үлкендерге құрмет көрсету, студенттердің рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.
Read More
«Экономика және құқық» және «Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық» факультеттерінің ұйымдастыруымен университет студенттерінің қыздары арасындағы волейболдан жарыс өтті. Бұл жарысты өткізудің мақсаты – студент-жастар арасында салауатты өмір-салтын қалыптастыру және оны насихаттау. Жарысқа университеттен 5 команда қатысып, жарыс қызықты, тартысты әрі бәсекелестікпен өтті. Көрермендерге әдемі ойындар көрсетілді. Әр факультет өз командаларына жанкүйер болды. Жүлделі орындар төмендегідей бөлінді: І орын...
Read More
1 2 3 4