March 7, 2018

Day

Бүгін университет ұжымының ер азаматтарының ұйымдастыруымен  Халықаралық әйелдер күніне арналған  «Асыл аналар, сұлу арулар!» атты  мерекелік концерт өтті. Мерекелік шарада профессорлық-оқытушылық құрамынан бастап бөлімдер қызметкерлері мен өнерлі білім алушылары «Универ» студенттік вокалды-аспапты ансамблінің сүйемелдеуімен өнерлерін паш етіп, әйелдер қауымын құттықтады.
Read More
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін талқылау мақсатында университеттің профессорлық-оқытушыларының және студенттерінің қатысуымен арнайы дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде «Көлік және құрылыс» факультетінің деканы Жолдыбай Жұмаев, «Экономика» кафедрасының меңгерушісі Айжан Омарова, доцент Қосарбай Қожахмет, доцент Шарапат Абишева және аға оқытушы Раушан Каметова баяндама жасап, Елбасының бес әлеуметтік бастамасының әр...
Read More
«Ақпараттық жүйелер және энергетика» кафедрасының кураторлары мен студенттерінің қатысуымен «Жұмақ ананың аяғының астында» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шара барасында студенттер гитарамен өлең айтып, қызықты ойындар ойнатып және Халықаралық әйелдер мерекесінің шығу тарихына байланысты баяндамалар оқыды. «Жұмақ ананың аяғының астында» тақырыбына арналған қабырға газеттері ілінді.
Read More
6 наурыз күні «Педагогика» факультеті  «Физика және математика» кафедрасының ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана өмірдің гүлі» атты мерекелік  іс-шарасы өткізілді. Іс-шара  барысында оқытушылар мен студенттердің қатысуымен түрлі сахналық көріністер көрсетілді, әндер орындалды және ойындар ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – анаға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, үлкендерге құрмет көрсету, студенттердің рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.
Read More