«Жұмақ ананың аяғының астында» атты мерекелік шара өтті

«Ақпараттық жүйелер және энергетика» кафедрасының кураторлары мен студенттерінің қатысуымен «Жұмақ ананың аяғының астында» атты мерекелік шара өтті.

Мерекелік шара барасында студенттер гитарамен өлең айтып, қызықты ойындар ойнатып және Халықаралық әйелдер мерекесінің шығу тарихына байланысты баяндамалар оқыды. «Жұмақ ананың аяғының астында» тақырыбына арналған қабырға газеттері ілінді.