Miss Yessenov University 2018 байқауының финалдық кезеңі өтті

17 наурыз күні «Хан Шахар» салтанат сарайында Miss Yessenov University 2018 байқауының көптен күткен финалдық кезеңі өтті.

Қиын және қатал іріктеу нәтижесінде финалға университеттің факультеттерінен ең мықты 10 үміткер іріктелді. Байқау комиссиясының мәліметі бойынша байқаудың басында Miss Yessenov University 2018  атағына 93 үміткерлерден өтініш тапсырылды.

Байқауда қыздарға өздерінің интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берілді. Оларды университеттің басшылығының және серіктестер мен демеушілердің өкілдерінен тұратын қазылар алқасы бағалады. Байқаудың нәтижесі бойынша қазылар алқасы конкурстың жеңімпазын анықтады. Miss Yessenov University 2018 атағына «Транспорт және құрылыс» факультетінің студенті Гүлнұр Мұқаш ие болды. I Vice Miss Yessenov University 2018 атағын «Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық» факультетінің студенті Милена Ағатаева және II Vice Miss Yessenov University 2018 атағын «Экономика және құқық» факультетінің студенті Айдана Рахметуллаева жеңіп алды. Сонымен қатар «Miss Online» атағына «Экономика және құқық» факультетінің студенті Гүлназ Аубекерова ие болды.

Байқау жеңімпаздары ұйымдастырушылар мен демеушілердің атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар қатысушылар жергілікті брендтердің жарнамалық түсіріліміне қатысатын болады.