Новости

Category

Yessenov University-де #PublicTalk жобасы аясында “ForteBank” АҚ филиалының директоры», Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «Қазақ күресінен» Маңғыстау облыстық федерациясының президенті Аббат Жәңгірханұлы Өрісбаевпен кездесу өтті.
Read More
«Жарқын болашаққа –жаңғыру жолымен» тақырыбында облыс әкімі Е. Тоғжановтың төрағалығымен Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) XXII сессиясы өтті. Сессия жұмысына ҚР Президент Әкімшілігінің, республиканың барлық өңірлерінің, облыстық мемлекеттік ұйымдарының, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, Yessenov University «Қазақстан  халқы Ассемблеясы» кафедрасының оқытушылары қатысты. Кафедра меңгерушісі А.И.Мамбетова Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы...
Read More
Қазақстан Халқының Ассамблеясы кафедрасының оқытушылары Тоқбаева Л.Қ , Толепбергенова А.Б. ұйымдастыруымен Есеп және аудит тобының   1-курс  студенттеріне «Студенттік өмір-қызықты көңіл!» атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс шара алда келе жатқан студенттер мерекесіне орай ұйымдастырылды. Тәрбие сағатының мақсаты:  Студенттерді мереке тарихымен таныстыру, оларды ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу, белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден...
Read More
«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы  аясында «Бизнес және құқық» факультеті «Құқықтану» кафедрасының студенттері мен оқытушылары Тұпқараған ауданында орналасқан «Шекем Мейіз»  әулие қорына зияраттады. Шараның басты мақсаты жастар арасында Маңғыстаудың тарихи құндылықтарын насихаттау.
Read More
Yessenov University-де жастар арасында нашақорлықтың алдын-алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Ақтау қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлерінің, нарколог дәрігердің, психологтардың қатысуымен  студенттермен кездесу өткізілді.    
Read More
«Бизнес және құқық» факультетінде «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен «THE BEST GROUP» атты іс-шара өткізілді. Сайысқа факультеттің 3-4 курс студенттері қатысты. Сайысты ұйымдастырудағы басты мақсат: студенттердің кәсіби және әлеуметтік құзыреттілікке жетуде қызығушылығын арттыру, студенттік топтар ұжымдарының біріктірілуі, үлгерімін жақсартуға және ғылыми, қоғамдық, мәдени-бұқаралық және спорттық қызметте студенттердің мотивациясын арттыру.    
Read More
«Компьютерлік инжиниринг» кафедрасы «Digitalization of Engineering Education: A Panoramic Perspective in the framework of Digital Kazakhstan» тақырыбында Халықаралық ғылыми семинар өткізді. Семинарда инженерлік білім беруде цифрландыру бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.  
Read More
Yessenov University 1-курс  қыздары арасында cтуденттер күніне арналған  волейболдан жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша  1-орынды Педагогтар  командасы, 2-орынды  Құқықтану командасы, 3-орынды Дене шынықтыру және спорт командасы иеленді. Үздік ойыншы – Дене шынықтыру және спорт мамандығының  1-курс  студенті  Ж.Жумағалиева , үздік шабуылшы – Дене шынықтыру және спорт мамандығының 1-курс  студенті  Г.Жомарт , үздік қорғаушы – Есеп...
Read More
Yessenov University жалпыхалықтық диктант акциясына белсенді түрде ат салысты. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес республика бойынша жалпыхалықтық диктант өткізілді. Жалпыхалықтық диктанттың мақсаты – латын негізді...
Read More
Назарбаев университетінің өкілдері университетіміздің жоғарғы курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Назарбаев университетінің кампусымен таныстырып және де университетке оқуға түсу үшін қойылатын талаптарды түсіндірді. Студенттер өз ойларындағы сұрақтарын қойып, қажетті мағлұматтар алды.  
Read More
1 101 102 103 104 105 136