БАҚ қызметкерлерін құттықтау

29 маусым күні Yessenov University президенті Берік Ахметов 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі құрметіне әрі жазғы Универсиаданың жаңалықтарын жариялап, ақпараттық тұрғыда қолдау көрсеткені үшін бір топ журналистерді құттықтап, алғыс хат табыстады.
 
Марапатталғандардың қатарында Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығының брифинг ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері, «Маңғыстау медиа», «Lada.kz» сайтының тілшілері, «Маңғыстау TV» тілшілері, «Atameken business», “Qazaqstan” телеарналарының меншікті тілшілері және кәсіби спорт журналистері бар.