Yessenov University-дегі Универсиаданың жеңімпаздарын марапаттау

Yessenov University президенті Берік Ахметов ҚР ЖОО студенттерінің арасында өткен XII жазғы Универсиадада жеңімпаз атанған YU студенттерін марапаттап, оқу ақысына сертификат табыстады.
 
Білім алушыларға арналған әлеуметтік қоржында көрсетілгендей, жеңімпаз және жүлдегер студенттеріміздің алдағы 2023-2024 оқу жылындағы оқу ақысына
?I орын алғаны үшін – 100%;
?II орын алғаны үшін – 75%;
?III орын алғаны үшін – 50% жеңілдік жасау туралы сертификат табысталды.
 
Бәсекеде оқу ордамыздың намысын қорғаған спортшы студенттерімізге көңіл бөліп қоймай, олардың жаттықтырушыларын, қазылық еткен төрешілерді және сайысты ұйымдастыруға белсенді атсалысқан барша Yessenov University ұжымын марапаттады.
 
«Біздің шәкірттеріміздің бұл жетістігі басқа студенттерге мотивация болары сөзсіз. Сайыскерлердің ата-аналары, достары, оқытушылары да осы қуанышқа ортақтасып келіп отыр. Халықаралық додада еліміздің намысын қорғайтын студенттерімізге сәттілік тілейміз! Универсиаданы жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан әріптестеріміз бен волонтерларға, үздік жанкүйерлерге алғысымды білдіремін» – Берік Ахметов.
 
 
24 мамырда басталған Универсиада 24 маусымға дейін жалғасты. Aktau-2023 жазғы Универсиадасының жеңімпаздарынан құралған қазақстандық студенттер құрамасы 28 шілде-8 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында өтетін XXXI Дүниежүзілік жазғы Универсиадаға қатысады.