Graduation-2023

5 шілде күні Yessenov University қабырғасында оқу бітіруші түлектерге салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті.
 
Көк ордамыздан 1675 түлек диплом алып, жас маман атанды. Оның 1489-ы бакалавр, 186-сы магистр дәрежесін иеленіп отыр. 61 түлек ерекше үлгідегі Үздік дипломға қол жеткізді.
 
Бұған дейін, 3 шілде күні Yessenov College өз түлектеріне дипломын табыстаған болатын. Колледж бітіруші 484 түлектің 26-сы Үздік диплом иегері атанды.
 
Түлектерге дипломды университеттің вице-президенттері Қ.Қ. Макулов пен Е.Т. Маханбет және өздері оқыған факультеттердің декандары мен колледж директоры табыстады.
Салтанатты шараға түлектердің ата-аналар, құрбы-достары, т.б. қонақтар белсенді қатысып, қуаныш иелерін құттықтады.
 
Құрметті түлектер!
Университет ұжымы және ұстаздарыңыз Сіздерді жоғары оқу орнын сәтті аяқтауыңызбен құттықтайды! Бәріңізге зор денсаулық, асқақ абырой, баянды бақыт тілейміз! Дипломдарыңыздың жемісін көріп, қызметте табысты болыңыздар!