November 8, 2018

Day

Yessenov University-де #PublicTalk жобасы аясында «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы Маңғыстау облысы бойынша өңірлік директоры м.а., жеке кәсіпкер, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі, Ұлыбритания, Brunel University London түлегі Байкен Медет Берікұлымен  кездесу өтті.  Кездесуде студенттер өзін толғандырған сұрақтарын қойды.
Read More
Халықаралық  72 сағаттық мейкатон “TOM: Aktau” Yessenov University-де бастау алды. Мейкатон-бұл 72 сағат ішінде шеберлер (мейкерлер деп аталатын) мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін жеңілдететін құрылғылардың прототиптерін жасайтын алаң. Алдын ала, мейкерлер командалары өздері жүзеге асыратын жобаларды анықтайды. Мейкатонның өзінде олар техникалық алаңға, сараптауға және мүмкіндігі шектеулі адамдардан кері байланысқа қол жеткізеді. Бұл алаңда Қазақстандық шеберлер ғана...
Read More
Yessenov University  «Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасының студенттеріне Ақтау қаласындағы Түркия Республикасының Бас консулы Korhan Kungeru «Enterprising and Humanitarian foreign policy» тақырыбы бойынша қазіргі заманғы халықаралық қатынастар теориясының мәселелері және халықаралық құқық жүйесінің ерекшеліктері жайлы дәріс оқыды. Студенттер Түркия Республикасының қазіргі заманғы сыртқы саясатының жағдайы жөнінде мәліметтер алу мүмкіндігіне ие болды.  
Read More
“Бизнес және құқық” факультетінде “Қаржы” кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлттық валютаның 25 жылдығына орай Қазақстан Республика Ұлттық банкінің  Маңғыстау филиалының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында директор орынбасары А.Ашитов валюта нарығындағы трендтерді және Қазақстан Республикасындағы ақша-несие саясатының келешегі туралы баяндады. Директор орынбасары Нұрлан Сүгіров Маңғыстау облысындағы “7-20-25” бағдарламасының жүзеге асырудың қазіргі жағдайын мәлімдеді. Кездесу соңында қонақтар “Қазақстанның Ұлттық...
Read More
“Бизнес және құқық” факультетінде “Қаржы” кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер арасында “Еркін өзгермелі валюта бағамы: артықшылықтары мен кемшіліктері” тақырыбында дебат өткізілді. Осындай форматтағы іс-шаралардың өткізілуі студенттердің шешендік қабілеттерін дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге және өз көзқарасын қорғау  дағдыларын игеруге мүмкіндік береді. Дебатты өткізу барысында студенттер алған теориялық білімдерін қолданды, сондай-ақ олар қандай да бір көзқарасты дәлелдейтін мысалдар мен фактілерді...
Read More