«Таңбадан логотипке дейін» тақырыбындағы қонақ дәрісі

24 сәуір күні «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Zhubanov University профессоры (ЖАК), мәдениеттану ғылымдарының кандидаты, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Жақсығарина Марзия Жұмашевқызының «Таңбадан логотипке дейін» тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді.

Шараның мақсаты – мәдениеттану пәні бойынша, байырғы түркі халқының таңбаларына толыққанды талдау жасай отырып, түркі тілді халықтардың ен-таңбаларының заттық-бейнелік атауы (қару, садақ (жақ), оқ (жебе), балта, тарақ, айна, сырға және т.б.) туралы түсіндіру.

Дәріс барысында Марзия Жұмашевқызы таңбалаудың семантикалық кеңістігі зор, әрі мағынасы күрделі дүние екенін атап көрсетіп, студенттерге үш жүздің және рулардың таңбалары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, шара қатысушылары экслибрис каталогтарын өнерімен таныстырылды. Қонақ дәрісте студенттер өзара пікір алмасып, сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды.