February 2018

Month

«Қаржы, есеп және аудит» кафедрасының УА-16-1 тобында «Бас қала-Астана» тақырыбында талқылау өткізілді. Шара мақсаты студенттерге патриоттық тәрбие беру, еліміздің астанасының қалыптасу тарихы мен әлеуметтік-экономикалық дамуының, сондай-ақ оның жетістіктерімен танысу болып табылады. Талқылауда  елорданың өміріндегі маңызды оқиғалар ЕҚЫҰ, ЭКСПО – өтуі туралы, мәдени-тарихи мұра объектілерін салу секілді елорда өміріндегі маңызды оқиғалар талқыланды.
Read More
16 ақпанында Мемлекеттік және жергілікті басқару, Менеджмент мамандықтарының студенттері арасында «Экономика және құқық» факультеті «Менеджмент» кафедрасында пәндік университет ішілік олимпиада өткізілді. Пәндік олимпиада үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде командалар  арасында мамандықтардың  презентациялары  бағаланды. Барлық командалар өз тапсырмаларын жоғары деңгейде орындап, өздері оқитын мамандықтары туралы және студенттер туралы  толық ақпараттар берді.Екінші кезеңде команда капитандары өз мамандықтары...
Read More
16 ақпан күні Yessenov University-де Кәсіпкерлік және инновацияны дамыту орталығының ұйымдастыруымен Startup Bolashak «Менің арманым» ұлттық байқауына қатысушыларына  «Атамекен»  кәсіпкерлер палатасының үздік спикері, «Aqtau Кasip» ЖШС-нің иесі, танымал бизнес тренер Еркін Атабаевпен бизнес тренинг өткізілді. Тренинг барысында кәсіпкер қатысушыларға «Бизнесте өз орынын қалай табуға болады» тақырыбында үздік идеялармен бөлісті, Стартап идея туралы қызықты және пайдалы...
Read More
«Педагогика» факультетінде «Бәрін білгім келеді» атты танымдық-интеллектуалдық сайыс өткізілді. Сайыс «Педагогика және психология» кафедрасының мамандығының  3курс студенттерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Өткізілген шараның мақсаты – студенттердің білім деңгейін, алғырлығын, ойлау қабілетін, сөйлеу мәнері мен жан-жақтылығын анықтау.
Read More
16 ақпанында «Мұнай және газ»  факультетінің оқытушылары мен студенттер қауымына «Рухани жаңғыру және дін танымы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар мақсаты – студент жастарды діни сауаттылыққа тарту, діни экстремизм жөнінде мағұлмат беру, діни – саяси экстремизм мемлекет қауіпсіздігіне нұсқан келтіретіндігіне мән беру және бұл келеңсіз ағымдардың зиянды әрекеттерін болдырмаудың алдын алу шарттарын талқылау. Жиында Маңғыстау облыстық...
Read More
Ақпан айының 12-16 күндері аралығында Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Менеджмент» кафедраcының ұйымдастыруымен «Экономика және құқық» факультеті студенттері арасында «Ел жүрегі – Астана» атты эссе байқауы өтті. Байқауға ниет білдірген қатысушылардан 20 дан аса эссе тапсырылды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесідей болып анықталды: 1 орын – ЮП-15-2 тобының студенті –...
Read More
Yessenov University басшылығы еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының үздік тәжірибелерімен танысып, оқу үрдісін цифрландыруды жаңғырту мақсатында Ахмет Ясауи университетінде іс-сапарда болды. Іс-cапар барысында университет кампусы, Түркі халықтар мұражайы, ғылыми кітапхана және оқу-орнының базасымен танысып, ой бөлісті. Университеттің үздік технологиялармен жабдықталған зертханаларының жұмыстарымен танысты. Кездесу соңында екі университет арасындағы ынтымақтастық бағыттары бойынша келіссөздер жүргізілді.
Read More
Мемлекет басшысының Жолдауы бойынша цифрлық білім беру ресурстарын, білім беру және зерттеу бағыттарын, жаңа озық технологияларын дамыту, сондай-ақ ынтымақтастық үшін тікелей байланыстар орнату мақсатында Yessenov University басшылығы жоспарланған іс-сапарын М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде жалғастырды. Кездесу барысында университеттің озық технологиялары және үздік тәжірибелерімен танысты. «Химия технологиясы және шикізатты тиімді өңдеу ҒЗИ», «Механика» және...
Read More
Yessenov University басшылығы жоспарланған іс-сапарын университеттің инфрақұрылымын жаңа озық технологияларымен жаңғырту мақсатында Smart Point коворкинг орталығында жалғастырды. Орталық ғылым, өнер, бизнес салаларында кәсіпқойларды бір креативті кеңістікте бас қосуға, ой бөлісуге мүмкіндік туғызатын инфраструктуралық жаңа үздік технологиялармен қамтамасыз етуге жол ашады. Университет басшылығы осындай үздік инфраструктуралық технологияларымен танысып, ой бөлісті.
Read More
14 ақпан күні «Шет тілдер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Дін және дәстүр» тақырыбындағы шара өткізілді. Шараға өлкетанушы, ардагер Еділхан Алқажан мен бірнеше жылдан бері ағылшын және парсы тілдерінен дәріс беріп келе жатырған ұстаз Тобыш Нияз қонақ боп келіп, студенттерге дін мен дәстүрдің сабақтастығы туралы маңызды әңгімелеп беріп, сұрақтарына жауап берді.
Read More
1 2 3 4

Recent Comments